3d little human read an open book

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі күшіне енді

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР кодексі күшіне енді, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметінен. Хабарда айтылғандай, бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі нормаларын қоғамға түсіндіру бойынша Көкшетау қаласында шығыс отырысын өткізді.

Аталған іс-шараға инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев және заң компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы заңнамасының реформалануы, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы және де техногендік минералдық түзілімге қатысты ауыспалы ережелердің кейбір мәселелері талқыланды.

Вице-министр өз баяндамасында «Министрлік жер қойнауын пайдалану саласында тізбелі реформаларды жүргізуде. Қазақстан Республикасы алғаш рет посткеңестік аумақта халықаралық тәсілдерге сай жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүргізді. Соның нәтижесі ретінде 2017 жылғы желтоқсан айында қабылданған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі болып табылады», — деп атап өтті.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі саланың инвестициялық ахуалын жақсартуға, жаңа кенорындарын ашылуына, қосымша жұмыс орындарының пайда болуына, инвестиция есебінен минералдық шикізат базасын ұлғайтуға импульс құруға септігін тигізеді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі бүгінгі күннен бастап өз күшіне енгендігін атап өту қажет.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!