29 маусымда Қазақстанда Көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне өзгертулер енгізілді, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Жаңа ереженің мақсаты — сыбайлас жемқорлық фактілерін жою, сондай-ақ көлік заңнамасын жетілдіру.
Енгізілген ережелерде көлік құралының салмағын және габаритін өлшеу тәртібі рәсімделіп, инспекторлардың кейбір процедураларды өткізу уақыты белгіленді. Жүк тасымалдарын автомобиль көлiгiмен жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттардың болуын, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн тексеруге арналған уақыт 10 минуттан аспауы керек, көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін анықтау уақыты 20 минуттан аспауы тиіс (ал алты және одан білікті автокөлік құралына – 30 минут), әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жағдайда инспектордың тексеру уақыты 60 минуттан аспауы керек.
Сонымен қатар, көліктік бақылаудың жүзеге асырылуы портативті бейнетіркегішке (бейнежетон) түсірілімі де жаңа ережеде қарастырылған. Бейнежетондарды пайдалану инспекторлардың жұмысының тиімділігін арттыруға, қабылданған шешімдердің заңдылығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық факктілерінің ықтималдылығын төмендетуге қажет.
Бұдан басқа, енді инспектор әрбір тексеріс нәтижесі бойынша актіні толтыруы міндетті болады. Көлікті бақылау бекеті қызметкерінің қолы қойылған тексеру нәтижелері туралы актінің көшірмесі көлік құралының жүргізушісіне беріледі. Көлік құралында пломбыланған жүк болған жағдайда, осы актінің болуы жүргізішілерді келесі көліктік бақылау бекеттерінде тоқтатқан жағдайда қайта бақылау жасауға жол бермейді.