Бүгін Республикалық маңызы бар Шымкент қаласының кезекті отыз екінші сессиясы қалалық мәслихат депутаты Х.Ахметхановтың төрағалығымен өтті. Сессияға қала мәслихатының депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімдігінің уәкілетті органдарының басшылары, қаладағы мемлекеттік ұйымдардың бастықтары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның жұмысына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовта қатысты.
Сессияның отырысында қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қала әкімдігінің Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы және қалалық білім бөлімінің жұмысы туралы, қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұловтың қалалық сәулет және қала-құрылыс, жер қатынастар бөлімдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау әкімдерінің атқарылған жұмыстары жөнінде есептері тыңдалды.
Қала мәслихатының депутаттары қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында есеп берген лауазымды тұлғалардың жұмыстарын жан-жақты қарағанына байланысты, есеп берушілердің атқарған жұмыстарын бір ауыздан қолдап, есептері қабылданды.
Қаладағы атқарылған жұмыстар: жыл қорытындысымен өзіндік кірістер жоспары 104, 7 пайызға немесе 2 555,2 млн. теңгеге артығымен орындалды. Атап айтқанда, барлығы 43 кіріс көзінің 42 артығымен орындалды. Шығыстар бөлігінің нақтыланған жоспары 131 232, 6 млн. теңге. Жыл қорытындысымен 131 075,3 млн. теңге игерілді немесе жоспар 99,9 пайызға орындалды. Білім саласы бойынша алғаш рет 124 мектепте жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді. Сонымен қатар, Бозарық -1,2,3 және Ынтымақ-2 шағын аудандарында газ жүйелерін тарату құрылысы аяқталды. Қаланың 5 шағын ауданда (Самал-1,2, Қайтпас-1,2 және Солтүстік-Батыс) кәріс жүйелері пайдалануға берілді. Қаланың 131 көшесі күрделі және орташа жөндеу жұмыстары және 69,2 км жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы құрылыс және инфоқұрылым жұмыстарын сапалы жүргізу үшін тиісті мамандардың Астана, Алматы қалаларына барып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибелерімен алмасатындығын айтты.
Дайындаған: Айдар Дидар.