«Айғақ» телеарнасы мен газетінің тілшілері Сіздердің назарларыңызға төмендегі жаңалықтарды ұсынады:
- 2017 жылы жазғы демалыспен Шымкент қаласында 43 648 (30%) оқушы қамтылған. Оның ішінде, мемлекет қаржысынан — 5 483, демеушілер есебінен – 6 600 оқушы, 113 мектеп жанындағы жазғы алаңдарда — 31 565 бала қамтылған.
2018 жылы жазғы маусымда Шымкент қаласы қала мектептерінің 43 973 оқушысы демалыспен қамтылуда. Оның 7 241-і жалпыға бюджеттен бөлінген 211 235,0 мың теңгеге қала сыртындағы «Ақсу» (1200), «Арман» (4 041), «Үшбұлақ» (1000), «Машат» (1000) легерлерінде демалса, 600-і кәсіподақ ұйымы есебінен және 12 500-і ата-аналар есебінен демалатын болады. Сонымен қатар, 113 мектеп жанындағы алаңдарда 23 632 (ыстық тамақпен -11 660, ыстық тамақсыз -11 972) оқушы түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға қамтылуда.
- 2017 жылы мектеп бітірушілер саны – 7 431, ҰБТ-ға қатысқаны – 5 059. Тестілеу нәтижесі бойынша Шымкент қаласы бойынша орта балл 85,2-ні құрады.
2018 жылы мектеп бітірушілер саны – 7 987, оның ішінде ҰБТ-ға қатысуға 5 446 оқушы өтініш білдірді. ҰБТ-ны 4 431 оқушы қазақ тілінде, 1015 оқушы орыс тілінде тапсырды. Ұлттық бірыңғай тестілеу 20-23 маусым аралығында өткізіліп, қорытындысы бойынша Шымкент қаласы бойынша орта балл 83,6-ны құрады.
Сонымен қатар, «Алтын белгіге» 287 (2017ж. — 248) оқушы, «Үздік аттестатқа» 200 (2017ж. — 164) оқушы иегер атанды.
- 2017 жылы 2-жарты жылдықта 450 меншік иелерінің (жалпы алаңы 292.5025 га) жер учаскелерімен жылжымайтын мүліктері мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп 714 500 000 теңгеге сатып алынды.
2018 жылы 5-айына дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп 163 меншік иелерінің жалпы алаңы 39,7492 га. жер учаскелерімен жылжымайтын мүліктері 650 000 000 теңгеге сатып алынды.
- Шымкент қаласы Абай ауданның аумағында 258 аула бар. Оның 2018 жылға дейін 209 ауласы абаттандырылып, 44 спорт алаңшасы орнатылған.
Сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттары дайын 49 ауланы абаттандырылып, балалар ойын алаңшаларын орнатуға және 15 спорт алаңшаларын орнату бойынша қалалық экономика және қаржы бөліміне ұсыныс берілген.
- Абай ауданы аумағындағы Қорғасын зауытының химиялық қалдықтарын жою мәселесі бойынша. Қорғасын үйіндісі (көлемі 1,898 млн.м3) 2018 жылдың 12 ақпанында аукцион тәртібімен қалалық ТҮКШ бөлімінің меншігінен «ЦентрКоммерцСнаб”ЖШС мекемесі жеңімпаз болып, 5 жыл көлемінде орнын тазартуға келісім шарт түзілген.
- Басты назардағы міндеттердің бірі – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта 2017 жылы Нұрсәт шағынауданы толық жарықтандырылса, Тассай, Таскен, Өтеміс, Сайрам тұрғын алаптары мен Қайтпас шағынауданының негізгі орталық көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылды.
Сонымен қатар, аудан аумағында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында бюджеттен Нұрсәт ш/а аулаларға орталық оперативті басқару орталығымен бақыланатын 69 камера, тұрғындармен жеке бақыланатын 17 камера орнатылса, демеушілер тарапынан Қайнарбұлақ саяжайы мен Асар ш/а 24 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Аталған бейнебақылау камералары аудандық жергілікті полиция қызметімен бақыланып отырады.
Айдар Дидар