02

Қазақстан мен Жапония $2 млрд сомаға 7 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі

Қазақстан мен Жапония $2 млрд сомаға 7 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі, деп хабарлады ҚР инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Жапония Қазақстандағы ірі инвесторлардың қатарына кіреді. Елімізде жапондық капиталдың қатысуымен 50-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 1,1 млрд. АҚШ доллары болатын 10 бірлескен ірі жоба іске асырылды. Сондай-ақ, құны шамамен 2 млрд. АҚШ доллары болатын 7 бірлескен ірі жобаны іске асыру жұмыстары жүріп жатыр», — деп хабарлады ҚР ИДМ-нен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп вице-министрі Тадао Янасэмен екіжақты кездесу қорытындысы бойынша,

Хабарда атап өтілгендей, кездесуде тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық салалар бойынша және жер қойнауын пайдалану мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Жапония Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық, достық және сенімділік сипатына негізделген. Біз Жапониямен мұнайхимия, инфрақұрылым, фармацевтика, энергетика, ақпараттық технология мен инновация сияқты бағыттар бойынша өзара мүдденің бар екенін көріп отырмыз»,- деді кездесуде Ж. Қасымбек.

Өз кезегінде Тадао Янасэ жапониялық компаниялар Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі екенін атап өтті.

«Бұдан бөлек, бүгін Бірлескен комиссияның 7-ші отырысы өтуде. Оның аясында панельдік сессиялар, 30-дан астам B2B кездесулері өтіп, бірқатар коммерциялық құжаттарға қол қойылады. Екі ел арасында тауар айналым 2018 жылдың бірінші тоқсанында 460,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе артық ( 2017 ж. І-тоқсанында 236,2 млн. АҚШ долл.). Қазақстаннан Жапонияға шығарылған экспорт 368,6 млн. АҚШ долларына жетіп отыр. Бұл 2017 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда бір жарым есеге көп (177,9 млн. АҚШ долл.)», — делінген хабарда.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!