03

Астанада кәріптастан (Янтарь) жасалған монумет пайда болады

Астанада қытай сәулетшісі Шун-лидің «Алтын көпір» деп аталатын монументі пайда болады. Құны 3 млн доллар болатын сәулет туындысы демеушілердің есебінен қаржыландырылады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінгі күні «Алтын көпірдің» идеясы – ол мыңжылдық көпір. Шын мәнінде ондай көпір бар. 1000 жыл бұрын салынған. 2017 жылы Бейжіңде «Бір белбеу –бір жол» форумы өтті. Сол форумның қатысушырымен Жібек жолы елдерінің символы алтын көпір болады деп шешім қабылданды. Бүгінгі күні сәулетші бізбен де, әкімдікпен де бірлесіп жұмыс істейді. Бұл жоба алдағы аптада Астанада өтетін форумда таныстырылады. Макеты форум өтетін жерге орнатылады. Ал сәулет туындысы бір жыл ішінде Сулы-жасыл бульвардың жалғасы ретінде «Хан Шатыр» ОСО арғы жағына орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы жер. Келесі жылы осы уақытта монументті көреміз деп үміттенеміз», — деді G-Global халықаралық хатшылығы жетекшісінің орынбасары Мұрат Қарымсақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Монумент кәріптас-алтын түсті, шамамен 20 мыңнан астам кірпіштен салынады. Ол Ұлы Жібек жолы елдеріне кіретін 50 мемлекетті сипаттайды. Сонымен бірге сәулетшімен бұл елдерді символдайтын жібек гүлдер ұсынылды. Олар кәріптасқа салынады. Кәріптастан жасалған алтын көпір Жібек жолы халықтары достығының символына айналады. Сәулет туындысының бастапқы сомасы шамамен 3 млн долларды құрады. Әрі ол демеушілер мен сәулетшінің өз есебінен салынады.

Айта кетейік, Астанада өтетін Жібек жолыелдері қалаларының мэрлер форумы аясында аталған монументтің капсуласын салу салтанаты өтеді. Ал «Алтын көпір» монументі бір жыл бойы салынады деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!