0-marapat

Дулат Әбіш «Қазақ журналистикасының қайраткері» атанды

28 маусым — Баспасөз күніне орай Дулат Әбіш «Қазақ журналистикасының қайраткері» атанды. Бүгін Алматы қаласында «Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі Республикалық  Кеңес» тағайындаған «Қазақ өнерінің қайраткері», «Қазақ журналистикасының қайраткері», «Еңбек үзігі» атақтары мен медальдарын тапсыруға арналған салтанатты шарасы өтті. Биыл түрлі сала үздіктеріне  тапсырылатын марапат түрін 35 азамат иеленді. «Айғақ» телеарнасының басшысы Дулат Әбішке жоғары марапатты Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман тапсырды.

img-20180625-wa0016-1

 

Қазақстанның журналистика саласының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлы Дулат Әбіш басқаратын «Айғақ» арнасының бүгінгі қоғамдағы еңбегі мен алар орнын айтып, жоғары бағасын берді. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы атануымен шын жүректен құттықтады.

img-20180625-wa0015

Еліміздің мәдениет пен өнер саласында ерекше көзге түскен бірнеше қайраткерлерін, қарапайым еңбек үздіктерін, журналистика саласының майталмандарын жинаған шарада сөз алған Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылым академиясының академигі, профессор, Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің Төрағасы Марат Тоқашбаев барша журналистер қауымын алда келе жатқан Баспасөз қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

3-nagrada

Айта кетейік, Әбіш Дулатбек Назарбекұлы — 1996 жылы мемлекеттік тілдегі «Айғақ» газетін, 2007 жылы республикада 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Айғақ» телеарнасын ашты. Төлеби, Бәйдібек аудандарының, Арыс, Шымкент қалаарының және Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы».

Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымындағы депутаты болып сайланған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық Кеңестің мүшесі, Халықаралық Баспасөз институтының мүшесі (International Press Institute), ОҚО Коғамдық кеңестің мүшесі.

2010 жылы республика бойынша «Ең үздік редактор» болып танылды, бұл марапатты Олжас Сүлейменов табыс етті.

2011, 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сенім білдірген адамы болып, осы қызметті абыроймен атқарды.

2012 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Саяси кеңесі Бюросының Қаулысы бойынша «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталды.

2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін «Үздік журналист» номинациясының иегері.

2013 жылы «Нұр Отан» партиясының «Партияның 50 жаңа бетке ұстары» жобасының қатысушысы.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын және партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

2-marapat

«Нұр Отан» партиясының ХІІІ, XIV, ХV, ХVІ съезінің делегаты.

2015 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдағы достастықты, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасымен және Ұлы Отан соғысындағы оңтүстікқазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен өрлігі туралы маңызды материалдар дайындап, отансүйгіштік пен патриотизмді кеңінен насихаттағаны үшін  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағының Саттар Ерубаев атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер одағының Тұрар Рысқұлов атындағы сыйлығының, республикалық «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының «Жыл адамы» номинациясының иегері.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 4 рет Алғыс хатымен марапатталған (2001 ж., 2008 ж., 2011 ж., 2016 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2012 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына — 10 жыл» медалімен (2005 ж.), «Ауған соғысының аяқталғанына          20 жыл» мерекелік медалімен (2009 ж.), Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» Қауымдастығы кеңесінің «Қайырымдылығы үшін «Сауап» медалімен (2010 ж.), ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Құрмет Грамотасымен (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» Қауымдастығы кеңесінің        Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен (2011 ж.), «Ғани Мұратбаевқа 110 жыл» (2012 ж.), «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Саяси кеңесі Бюросының Қаулысы бойынша «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен (2012 ж.), «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» (2013 ж.), «Шымкент қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2014 ж.), «Ауған соғысының аяқталғанына — 25 жыл» мерекелік медалімен       (2014 ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» (2015ж.), және Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бауырмал» сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен (2016 жыл) марапатталған.

6-nagrada1

«Айғақ» телеарнасына өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды кеңінен жариялап, көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Өкімімен Алғыс жарияланды.

5-nagrada

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!