«Жол мұрату — жету, қыз мұрату — кету». Қазақ қызын қашан да қадір тұтқан, қасиетке бағалап, төрін ұсынған. Себебі, қыз — өріс, қыз-кие! Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы», ел ағасы Қалық Абдуллаев Далида атты немересін ұзатты. Абдуллаевтың қуанышына бұл күні ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Мұрат Жұрынов пен Оразәлі Сәбден, қоғам қайраткерлері Сұлтан Жиенбаев, Икрам Адырбеков, Ғани Қасымов , Амалбек Тшановтар ортақтасты. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай әлпештеген Қалық Абдоллаұлының әулетіндегі ұзату тойға жерлестері генерал-майор Ержан Исақұлов, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, Төлеби аудандық мәслихаттың депутаты Талғат Манкеевтер құрметті қонақ ретінде шақырылған. Қос әулеттің жауапкершілігі жүктелген жас жұбайларға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те өздерінің ыстық ықыласқа толы құттықтауларын жолдады.