0-alzhan

«Айғақ» арнасының түсірілім тобы Елбасының анасының ауылына барды

Өзбекстандық қаламгер, қандасымыз, Өзбекстан Республикасы Тұран Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі, профессор Қалдыбек Сейданов «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобымен Елбасы нағашыларының ауылында. Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында қолға алынған жоба аясындағы сапар барысында бауырлас елдер Қазақстан мен Өзбекстан достығын жырлап жүрген Қалдыбек Сейдановпен бірге бүгін Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылына (бұрынғы Қасық ауылы) барып, дүйсенбі күні тұсауы кесілгелі тұрған тарихи музейдің жұмысымен танысты.

img-20180623-wa0009

 

Хан да, қара да, алып та, дана да анадан туылады. «Құтты құрсақты анадан, текті ұрпақ тарқайды» деп те дана қазақ бекер айтпаса керек. Президентіміздің анасы ақынжанды, көрегенді жан болған. Президентке ақындық өнер нағашы жағынан қонған деседі қариялар. 

img-20180623-wa0008

0-muzey

Айта кетейік, Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №217 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы №16-3 шешімімен Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық ауылы Әлжан ана ауылы деп қайта аталған болатын.

img-20180623-wa0006

 

Облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш бастаған топ бұдан әрі жоба аясында жоспарланған сапарын жалғастырады. Сапар жайлы толығырақ «Айғақ» арнасынан көре аласыздар.

0-almat

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!