img-20180621-wa0022

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Төлеби ауданына барды

Түркістан облысының  Төлеби ауданы табиғаты туризмге қолайлы, ауылшаруашылығы қарқын алған аймақтың бірі. Мұнда, тамшылатып суғару әдісімен қарқынды баулар дамыған. Облыс әкімі алдымен, Көксәйек ауылдық округіндегі «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

img-20180621-wa0022Кооператив 2017 жылы 40 га жерге қарқынды алма бауын еккен. Осы жұмыстар үшін 503 млн. теңге көлемінде инвестиция тартқан. Шаруашылыққа қажетті техниканы «Ырыс» МҚҰ аркылы 43 млн. 100 мың теңгеге лизинг бойынша қаржыландырған.  «Гала», «Голден делишес», «Айдаред» және «Ред делишес» атты алманың сұрыптары егілген бауда 87500 дана түп ағаш бар. Кооперативте 50 адам тұрақты жұмыс істейді. Орташа айлық жалақысы – 90 мың теңге.

img-20180621-wa0016Мұнан кейін облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан жеке кәсіпкер С.Танабаевтың жүзім шаруашылығында болды. Кәсіпкер тастақ жерді тиімді пайдаланып, 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал, 2017 жылы қосымша 10 гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызды. Шаруашылыққа қарасты 20 гектарға жалпы саны 32 мың түп «Таифи-Розовый» жүзімі егілген.

img-20180621-wa0010Бетон тіреуіштер орнатып, тамшылатып суару жүйесін қолданған. Көшеттерді Сарыағаш ауданынан алдырған. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 50 млн. теңге. Бұл қаржының тең жартысын «Даму» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығы бөлген. Қожалық басшысы 10 гектар жерді сатып алса, 10 гектар жерді мемлекеттен 49 жылға жалға алған. Жүзім алқабының әр гектарына мемлекет тарапынан 750 мың теңгеден субсидия берілді. Жүзімбақ биыл алғашқы өнімін бере бастайды. Гектарына 35-40 тоннадан өнім береді деп күтілуде.

Бүгінде жүзімбақта 10 адам тұрақты еңбек етіп жатыр. Жалақылары орташа есеппен 50 мың теңгені құрайды. Ал, маусымдық жиын-терім мезгілінде мұнда 20-ға жуық адам жұмысқа тартылады. Шаруа қожалығы алдағы жылдары жүзімді қайта өңдеу ісін қолға алып, жүзімбаққа жақын маңнан көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастамақ.Іскер шаруалардың жұмысымен танысқан өңір басшысы жеміс-жидекті өңдеу мәселесін қолға алу керектігін айтты.

«Еуропа елдерінде 10-15 гектар жері бар шаруалар тек дайын өнімді сатып  қоймай, жеміс-жидек пен көкөністі өңдейді. Осы арқылы табыс молырақ түседі. Мәселен, алма, жүзім сақтайтын қоймалар мен оны өңдеп түрлі сусындар шығаратын кәсіпорын салсаңыздар тиімдірек болады. Жалпы, Төлеби ауданында жұмыстар атқарылып жатыр. Былтыр көпқабатты 8 үй тұрғындарға берілді. Бұл – аудан тарихында бұрын болмаған оқиға. Аудандағы елді мекендердің 94 пайызы ауыз сумен қамтылды. 14 елді мекенге, яғни, 5000 үйге  газ берілді. Газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жолдар салынып жатыр. Каналдар тазаланып, суармалы жер көбейді. Осы бағыттан айнымай, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын жандандыра түсу керек» деді Жансейі Түймебаев.

img-20180621-wa0026Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елдімекенінде орналасқан «Есімхан төбе» тарихи орнына да барды. Археологиялық аймақ Сайрамсу өзенінің оң жағасында орналасқан. Деректерге сүйенсек,бұл Дәуіттөбе қалашығы отырықшы мәдениеттің орталығы болған. Қалашыққа 2006 жылы «Тарихи мәдени мұраны қорғау,қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» МКҚК зеттеу жүргізген.

img-20180621-wa0027

img-20180621-wa0023

Төлеби ауданының әкімі Бұқарбай Парманов аталған аймақта жеке кәсіпкер Талғат Манкеев қымыз кластерін дамытуды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Бұл өз кезегінде көне қалашықпен танысуға келген қонақтарға қазақы мәдениет пен дәстүрді насихаттауға мүмкіндік бермек. Облыс әкімі мұндай бастаманы қолдайтынын жеткізіп, жоспарды жүзеге асыруды тапсырды.

img-20180621-wa0024

img-20180621-wa0028




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!