Рүстем Құрманов «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен және ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының келісімімен Рүстем Құрманов ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды және директорлар кеңесінің шешімімен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Рүстем Құрманов 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық басқармасының Экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған.

2012–2013 жылдары ҚР АШМ инвестициялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарған.

2013–2015 жылдары — ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы.

2015 жылдан бастап 2016 жылға дейін ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешенінде комитет хатшысы болып жұмыс істеген.

2017 жылдың шілде айынан бастап ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымын атқарған.

Бұған дейін 2015 жылдан бастап «ҚазАгро» холдингі басқармасының төрағасы лауазымында Нұрлыбек Мәлелов қызмет етті.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2006 жылы құрылды. Холдинг — ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының операторы, мемлекеттік және тартылған ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді және АӨК-тің өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын одан әрі дамытумен айналысады.

Ұқсас жазбалар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ОРНЫНА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛУҒА АЛАҢДАР ДАЙЫН

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРДІҢ ОРНЫНА ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛУҒА АЛАҢДАР ДАЙЫН

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқыны салдарын жою аясында Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Жүнісбековтың басшылығымен...

ҚАЗАҚСТАНҒА ӘКЕЛІНГЕН ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫНЫҢ ОШАҒЫ ЖАБЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНҒА ӘКЕЛІНГЕН ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫНЫҢ ОШАҒЫ ЖАБЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген әкелінген тырысқақ жағдайы ошағының сәтті жойылғандығы туралы...

НАЙЗАҒАЙ, ТҰМАН, ДАУЫЛ. СИНОПТИКТЕР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛДАҒЫ КҮНДЕРГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫН ҰСЫНДЫ

НАЙЗАҒАЙ, ТҰМАН, ДАУЫЛ. СИНОПТИКТЕР ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛДАҒЫ КҮНДЕРГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫН ҰСЫНДЫ

Атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде жаңбырлы ауа-райы сақталады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек оңтүстік-батыста, қиыр шығыста...