164

Бағаны төмендету есебінен 10 есе көп С гепатитімен ауыратын пациенттер емделетін болады

Софосбувир және Даклатасвир инновациялық препараттарына бағаның 10 еседен артық төмендеуі С гепатиті бар науқастарды емдеумен барынша көп қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлай ды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты. Осындай айтарлықтай төмендеу «СҚ-Фармация» ЖШС және БҰҰ Даму бағдарламасы арасында жасалған шарттың арқасында мүмкін болды.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, республикалық бюджеттен Софосбувир және Даклатасвир препараттарын сатып алуға 1,5 млрд. артық теңге бөлінді.

«Осы препараттарды сатып алуды ұйымдастырушы БҰҰ Даму бағдарламасы болғандықтан, препарат бағасын төмендетуге қол жеткізілді, бөлінген барлық сомаға осы препараттар сатып алынатын болады. Бұл С вирустық гепатитімен диспансерлік есепте тұрған барлық науқастарды қамтуға, вирустық гепатитке арналған уақытылы заманауи емдеуден өтуге мүмкіндік береді», — деді Берік Шәріп.

Софосбувир препаратын ДДСҰ маңызды дәрілік заттар тізіміне енгізгенін атап өту керек. Вирустық гепатитті Софосбувир және Даклатасвир препараттармен емдеу көп жағдайда ағзадағы вирустан толық құтылуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, мұндай емдеу бұрын қолданылғаннан гөрі жанама әсерлерді айтарлықтай азайтады. Препаратты сатып алу «СҚ-Фармация» ЖШС мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасында жасалған шарт арқылы мүмкін болды.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!