19 маусым күні Мемлекет басшысы облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру және Оңтүстік Қазақстан облысының атауын Түркістан облысы деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойғандығы белгілі. Міне осындай тарихи оқиғадан соң бүгін алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтіп, күн тәртібінде 18 мәселе қаралды. ОҚО –ның әкімі лауазымынан тарихи өзгеріске байланысты Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған Жансейіт Түймебаев қатысқан бұл жолғы сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді депутаттар қайта қарап жатпады.
Мәселен, күн тәртібінде облыстың «Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе де тізім бойынша бір ауыздан қолдау тапты. Сонымен өңіріміз бойынша түрлі салада еселі еңбек еткен 25 азаматқа «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешім мақұлданып отыр.Олар:
Жарылқасын Әзіретбергенұлы — Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Әтірхан Шыңғысбаев — Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы;
Сатыбалды Ибрагимов — еңбек ардагері;
Нуридин Балқияұлы — Алматы «Теміржол көлігі жоғары колледжінің» директоры;
Ағабек Сүгірәлиев — еңбек ардагері;
Қайрат Балабиев — Облыстық мәслихат хатшысы;
Саттар Қуашбай — Облыстық мәслихат депутаты;
Икрам Хашимжанов — Қазақстан өзбектері достық қауымдастығының төрағасы;
Бейбіт Шүменов — кәсіпқой боксшы