017

Елордада «Еңбек жолы» байқауы жарияланды

Астана әкімдігі «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында «Еңбек жолы» конкурсы басталғанын жариялайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс 3 аталымнан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп санды әулет таңдалады;

2) «Өндірістің үздік жас маманы» — жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

3) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» — жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Өтінімдердіқабылдау 2018 жылдың 10 маусымынан бастап2 шілдеге дейінжүргізіледі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-11, 55-68-05 (Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғаубасқармасы), 21-61-50 (Астана қаласының Кәсіподақ орталығы), 91-90-86 (Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы)телефондары арқылы алуға болады.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Достық көшесі 13 үй, 2-қабат, жұмысқа орналастыруды үйлестіру бөлімі, эл.пошта:d.malgazdarova@astana.kz

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!