019

Қазақ тілі тұңғыш рет араб әлемінде университетте мамандық ретінде оқытылатын болады

Қазақ тілі тұңғыш рет араб әлемінде университетте мамандық ретінде оқытылатын болады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Хабарда айтылғандай, Бұл жөнінде 12 маусымда Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевтың Каир университетінің ректоры профессор Мұхаммед әл-Хоштпен кездесуі барысында расталды. Ректор 2018-2019 оқу жылынан бастап Каир университетінің Әдебиет факультетінде алғаш рет «қазақ тілі» мамандығының оқытылатынын атап өтіп, бұл бағытта көрсеткен қолдауы үшін Қазақстан Елшілігіне алғысын білдірді.

Өз кезегінде Қазақстан 2018-2019 оқу жылынан бастап мысырлық студенттерге еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 18 шәкіртақы бөледі.

1908 жылы құрылған Каир университеті Таяу Шығыста «әл-Азһар» университетінен кейін ең ірі жоғары оқу орны болып табылады. Қазіргі уақытта университетте барлық салаларды қамтитын 20 факультет, 10 ғылыми зерттеу институты, 1 обсерватория, 2 аурухана, 10 медициналық орталық қызмет көрсетеді. Каир университеті Таяу Шығыста орналасқанымен кейбір мамандықтар бойынша әлемдік рейтингтерде алдыңғы орындарды алады. Атап айтқанда, фармацевтика саласында топ-100, медицинада топ 250, инженерияда топ-200, химияда топ-300 қатарына кіреді. Каир университетінің түлектерінің ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары жазушы Н.Махфуз, саяси қайраткерлер Я.Арафат, М.Барадеи, сондай-ақ белгілі саясаткерлер мен ғалымдар бар. Университет Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған.

Дереккөз: ҚазТАГ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!