Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді | "Айғақ" ақпараттық порталы
abikaev

Нұртай Әбіқаев жаңа қызметке келді

Нұртай Әбіқаев «Отандастар қоры» АҚ президенті болып сайланды. Бұл мәліметті ұйым өкілдері растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев былтыр қазақтардың V дүниежүзілік құрылтайы кезінде «Отандастар» қорын құруды тапсырған болатын.  «Біз Солтүстік Кавказдан адамдарды қабылдадық, оларға есігімізді аштық. Неге біз өзіміздің қазақтарды бөлуіміз қажет?

Сондықтан мен бизнесмендерді осыған үлес қосуға шақырамын. Құрылтай басшылығы, Президент әкімшілігі және үкіметтегілерге жоғарыда айтып өткен қорды құруды тапсырамын», — деген еді Мемлекет басшысы. Нұртай Абықайұлы Әбіқаев 1947 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

1970 жылы Кеңес Әскерінің қатарында қызмет еткен. 1972 жылдан  Алматы ауыр машина жасау зауытының аға инженері, инженер-конструкторы. 1976 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Алматы қаласы Әуезов аудандық комитеті партиялық-ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1977 жылдан — өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, 1978 жылы өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, 1980 жылы Қазақстан Компартиясы ОК ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бөлімінің нұсқаушысы.

1984 жылы Қазақстан Компартиясы ОК хатшысының көмекшісі қызметтерінде болған.  Сондай-ақ, Нұртай Әбіқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде болды.

Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!