Астанада дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді | "Айғақ" ақпараттық порталы
01

Астанада дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді

Осы жылдың 19-22 маусымында Астана қаласында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі (ДТК) өтеді. Бұл қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, ғылым және техника, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әлемнің 50 елінің іскерлік орта кәсіпқойлары мен ғалымдарын біріктіруге бағытталған ең ауқымды және маңызды салалық іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Конгресс «Инновациялық басымдық — әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» тақырыбында өтеді және геологиялық барлау, өндіру және байыту, тәуекелдерді бағалау, саланы цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, халықаралық қаржыландыруды тарту және т.б. мәселелерді қамтиды.

Қазірдің өзінде құрамында Австралия, Австрия, Канада, Польша, Норвегия және Франциядан делегациялар, әлемнің ғылыми және іскер қоғамдастықтарының жетекші сарапшылары, инвесторлар мен қаржы институттары, сондай-ақ Үкімет басшылары бар 46 ел, 56 профильдік қауымдастық, 41 университет өздерінің қатысуын растаған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!