km

Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды. Қала әкімі осы лауазымға тағайындалған Али Алтай Сембекұлының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолын 2005 жылы Қазақ-Австрия бірлескен «Рахат» АҚ «Рахат Палас Отель » кәсіпорны байланыс орталығының қызметкерлігінен бастаған. 2010-2011 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

29.09.2014 — 13.01.2015 жылдар аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, 14.01.2015 — 27.12.2015 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейін ҚР Премьер-Министрі хатшылығының бас сарапшысы лауазымы қызметтерін атқарды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!