img-20180611-wa0002

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы лауазымына Али Алтай Сембекұлы тағайындалды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Қала басшысы Нұрлан Сауранбаев аппарат басшысының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді.

Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, экономика ғылымының бакалавры. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолы 2005 жылы Қазақ-Австрия АҚ-ның «Рахат» бірлескен кәсіпорны «Рахат Палас Отель » қонақ үйінің байланыс орталығында қарапайым қызметкер болудан басталған.
2010-2011 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс жасаған.
29.09.2014 — 13.01.2015 аралығында Астана қалалық сотының бас маманы, 14.01.2015 — 27.12.2015 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, кейіннен ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының бас сарапшысы лауазымына дейін сатылай өскен.
Соңғы қызмет орны — 30.12.2016 жылдан бүгінгі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты болып қызмет атқарған.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!