3

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгамен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Халтмаагийн Баттулганы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстанның барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін айтты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

–  Биыл Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 25 жыл толады. Бұл құжат көп ғасырлық достық және тату көршілік дәстүрі бар елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дәйекті дамыту жолында маңызды рөл атқарады, – деді Қазақстан Президенті.

Халтмаагийн Баттулга өзінің Монғолия Президенті болып сайлануымен және туған күнімен құттықтағаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық білдірді.

– Мен Сіздің жұмысыңызды мұқият бақылап отырамын және жаңа елорда – Астана қаласын салғаныңызды білемін. Мен Монғолияның құрылыс министрі болған кезде де Қазақстан тәжірибесін көп зерттедім. Біз де еліміздің астанасы – Ұлан-Батор қаласының төңірегінде Майтар қаласын салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, – деді Монғолия Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру қажеттігіне тоқталып, Монғолияның Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына атсалысуға деген ұмтылысын Қазақстанның қолдайтынын айтты.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!