Кәсіподақтар күні аталып өтті | "Айғақ" ақпараттық порталы
img-20180608-wa0013

Кәсіподақтар күні аталып өтті

10 маусым  — кәсіподақтар күні. Осыған орай салтанатты шара ұйымдастырылып, түрлі саладағы кәсіподақ  қозғалысының ардагерлері мен белсенділері арнайы марапаттарға ие болды. Бүгінгі таңда ОҚО кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінде 221 мыңнан астам мүше болса, 2161 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жұмыс жасап келеді.

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының тарихы сонау 20 ғасырдың басынан бастау алады. Яғни, 1905 жылы қазіргі Қарағанды облысының аумағындағы Успен мыс кен орнында құрылған жұмысшылар одағы елдегі алғашқы кәсіподақ ұйымы болып танылған. Міне сол кезден бастап тұрақты негізі қаланған кәсіподақтар ұйымы түрлі салалардағы жұмысшылардың  құқықтары мен мүдделерін сақтауда жұмыс жасап келеді. Айталық бүгінгі таңда ОҚО кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінде 221 мың 752 мүше бар. Осы орайда кәсіподақтар күніне арналған салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша кәсіподақ өкілдеріне өңір басшысының құттықтауын жеткізді.

img-20180608-wa0016

Ал мұнан соң бірқатар  кәсіподақ  қозғалысының ардагерлері мен белсенділері облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталса, бірқатары ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілеріне ие болды. Солардың бірі Бәйдібек аудандық агрөөнеркәсіп кешені еңбекккерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақберген Төлешов болатын. Бұл салада 10 жылға жуық уақытттан бері  тер төгіп келе жатқан азамат тиісті марапатын ұжымның еселі еңбегімен байланыстырады.

img-20180608-wa0012

 

img-20180608-wa0015

Бүгінгі таңда өңіріміздің білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мұнай-газ өндіріс, энергетиктер, автокөлік мекемелері, агрөндірістік кешен, кәсіпкерлік, байланыс пен телекоммуникация секілді 18 салада 2161 бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар. Ал, олардың жүйелі жұмыстары арқасында азаматтарға заңгерлік көмек көрсетіліп, жұмысшылардың жәрдемақы, еңбек демалысының ақысы мен басқа да жеңілдіктерді алуларына жағдай жасалып келеді.

Осылайша өрбіген шара барысында бұл күні тағы бірнеше кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері облыстық мәслихаттың грамотасымен және мерекелілік төсбелгілермен марапатталды. Ал, шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаларға ұласты.

Абай ОМАР.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!