Елбасының 5-маусымдағы жарлығын Оңтүстік жұрты ерекше қуанышпен қабылдады. Осыдан 21 жыл бұрын қиын-қыстау кезеңдерде бір орталыққа біріктірілген аудандар, енді қайта еншісін алып отыр. Олардың бірі кезінде мақта өндіру саласындағы жетістіктерімен бүкіл кеңес одағына танымал болған Келес ауданы.
Бұл Оңтүстік өңірі үшін тарихи оқиға. Елбасының жарлығы халық тілегін орындап, қуаныш сыйлап отыр. Кеңес одағының кезінде дүркіреген Келес ауданының келешегі де жарқын болмақ. Жаңа аудандардың құрылуына орай Сарыағашқа барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев стратегиялық шешімнің маңызына тоқталып, жергілікті тұрғындарға құттықтауын жеткізді.