Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры болып тағайындалды деген ақпарат келді.
Құтты болсын!
Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсіловтің өмірбаяны туралы қысқаша анықтама:
2017 жылдың 24 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы;
2016-2017 — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі;
2012-2016 — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры;
2010-2012 — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
2008-2010 — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;
2007-2008 — Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2004-2007 — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы;
2001-2004 — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры;
2001 — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мониторинг пен бақылау департаменті директорының орынбасары;
2000-2001 — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры
1998-2000 — Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, бірінші проректоры;
1996-1998 — Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің бірінші проректоры, ректоры;
1994-1996 — Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеттің аға ғылыми қызметкері, РФ РҒА Жасушалар биофизикасы институтына іс-сапарммен жіберілді;
1991-1994 — Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогика институтының кафедра меңгерушісі, декан, проректоры
1986-1991 — Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, аға оқутышысы, доцент;
1982-1986 — КСРО Ғылым академиясының биологиялық физика институтының аспиранты, РКФСР Мәскеу облысы Пущино қаласы;
1979-1982 — Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының оқытушысы, тағылымдамашы-зерттеуші. КСРО Ғылым академиясының Биологиялық физика институтына іс-сапармен барды (РКФСР Мәскеу облысының Пущино қ.).
ҚазТАГ.