Қазақстанның әлемдегі жетекші қаржы орталықтарымен байланыстыратын 10 халықаралық әуе бағыттары 2020 жылға қарай іске қосылады, деп хабарлайды ҚР ИДМ ААК Facebook парақшасында.
«Өткен жылы біз 9 халықаралық әуе бағытын аштық, ал 2020 жылға қарай әлемде жетекші қаржы орталықтарымен (Қазақстанды) байланыстыратын 10-ға жуық бағыт ашылады — бұл біз үшін маңызды. Елде 2020 жылға дейін транзиттік жолаушылар саны 1,6 млн. адамға дейін өседі», — деді Н.Назарбаев сәрсенбі күні Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында.
Дереккөз: ҚазТАГ.