Шымкентте 100-ші науқасқа бүйрек ауыстыру отасы жасалды. Медициналық туризмді дамыту мақсатында ОҚО әкімдігінің және Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен қазіргі уақытта 8 шетелдік азаматқа бүйрек ауыстырылған. Бұл туралы трансплантолог дәрігерлер БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Бүгінде науқастардың жағдайы жақсарып, дәрігерлердің толық бақылауында.
Балнұр ЖАНЫСБАЕВА.