bagdarlama

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы: автокөлік жолдары, логистика, ТКШ

Үкімет «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Президенттің 11.11.2014 ж. «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірлеп, қабылдағаны мәлім. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қарқыны туралы primeminister.kz сайтында жарияланды.

Мақсаты — Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін хаб қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру негізінде еліміздің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтарда жағдаяттың нашарлауы жағдайында экономиканың жеке секторларына қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру.

Өткен жылы бағдарламаға белгілі бір түзетулер енгізілді, дегенмен басты мәні өзгеріссіз сақталды. Бүгін біз тек екі аспектісіне: «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту (реконструкциялау және салу) мәселелеріне тоқталамыз. Олардың табысты іске асырылуына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауапты.

Біз салып жатқан жолдар

ҚР ИДМ «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында автожолдарды, көлік, азаматтық авиацияны дамыту және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту саласында жобаларды жүзеге асырып жатыр. Негізгі жобалар — республикалық маңызы бар автожолдарды реконструкциялау және салу.

Жалпы пайдаланудағы жолдардың ұзындығы 95,6 мың шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық желі — 24,4 мың шақырым, жергілікті желі — 71,2 мың шақырым.

2018 жылы жалпы ұзындығы 4,2 мың шақырым болатын 23 жобаны іске асыру жоспарланған.

22 жоба бойынша жұмыстар жалғастырылуда: Теміртау — Қарағанды, Орталық — Шығыс, Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы, Щучинск — Зеренді, Қостанай — Денисовка, Бейнеу — Ақтау, Бейнеу — Ақжігіт, Жетібай — Жаңаөзен, Қордай а. айналма жолы, Астана — Петропавл, Ақтөбе — Мақат, Атырау — Астрахан, Үшарал — Достық, Күрті — Бурылбайтал, Қалбатау — Майқапшағай, Қапшағай — Талдықорған, Талдықорған — Өскемен, Таскескен — Бақты, Осинов өткелі, Мерке — Бурылбайтал, Орал — Каменка және Ұзынағаш — Отар, сондай-ақ, Балқаш — Бурылбайтал жаңа жобасын бастау жоспарланған.

Жыл қорытындысы бойынша көлік қозғалысы 528 шақырым жерде ашылады.

zhol-bats-tay-bats-europa

 

Қазіргі уақытта қандай жобалар іске асырылу сатысында тұр?

1) Еліміздің елордасын Алматымен сапалы жолмен байланыстыруға мүмкіндік беретін «Орталық — Оңтүстік» (Астана — Алматы) жобасы. 2016 жылы жалпы ұзындығы 275 км Астана—Теміртау және Алматы — Қапшағай учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Теміртау — Қарағанды учаскесін реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр, оның ішінде Қарағанды (62 шақырым) айналма жолы бар. Сонымен бірге, халықаралық қаржы институттарының (ЕҚҚДБ — 143 км, ДБ — 85 км) несиелері есебінен жалпы құны 115 млрд тг Күрті — Бурылбайтал учаскесін (228 км) реконструкциялау жұмыстары басталды. 2018 жылы «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасынан қаражат үнемдеу есебінен Балқаш — Бурылбайтал учаскесін (297 км) реконструкциялау жоспарланып отыр.

2) «Орталық — Шығыс» жобасы (Астана — Өскемен) белсенді түрде іске асырылып жатыр. Астана — Павлодар (441 км) учаскесінде 200 шақырым жолда қозғалыс ашылған, оның ішінде 12 шақырымы —  Ертіс бойындағы көпір өтпесі арқылы. Биыл жұмыстарды толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Павлодар — Семей — Қалбатау учаскесі (473 км) бойынша биыл 260 шақырым жол құрылыс жұмыстарымен қамтылады. 2019 жылы қозғалысты толықтай ашу жоспарланған.

3) «Орталық — Батыс» жобасы (Ақтөбе — Атырау — Астрахан және Бейнеу — Ақтау) іске асырылуда. Ақтөбе — Қандыағаш (159 км) және Атырау — Астрахан (277 км) учаскелері «Ислам даму банкінің» несиесі есебінен реконструкцияланады. Қандыағаш — Мақат учаскесі (299 км) «Азия даму банкінен» алынған қаражат есебінен реконструкцияланады. Қарыз туралы келісімге 2016 жылы қол қойылды, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қараша айында басталды. Қандыағаш — Мақат учаскесінде бұған дейін басталған 26 шақырым жолды реконструкциялау жұмыстары 2017 жылы аяқталған.

4) Маңғыстау облысындағы Бейнеу — Ақтау учаскесі (470 км). 2017 жылдың желтоқсанында аталған жолда қозғалыс ашылған.

5) Астанадан солтүстік бағытта Көкшетау — Петропавл жобасы іске асырылуда. 2016 жылы Көкшетау — Петропавл (180 км) жолдарын реконструкциялау жұмыстары толығымен аяқталған. Ал Петропавл — РФ шекарасы (Қорған) учаскесіндегі жұмыстар 2019 жылы аяқталады.

6) Алматы — Өскемен жобасы бойынша (1003 шақырым) Қапшағай — Талдықорған учаскесіндегі (117 км) жұмыстар аяқталған, қалған жұмыстарды аяқтау қалды. Талдықорған — Өскемен (763 шақырым) учаскесі ҚХР «ЭксИмбанк» қарыздары есебінен қайта жаңартылады. Жоба 2017 жылы басталды.

7) Орал— Каменка жобасы бойынша 2015 жылы реконструкция жұмыстары басталды. 2017 жылы 65 шақырым жерде қозғалыс ашылды, биыл жобаны толығымен аяқтау жоспарланған.

8) 2017 жылы Жетібай — Жаңаөзен учаскесі бойынша (73 км) «Азия даму банкімен» несиелік келісім ратификациялып, мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалған.

9) 2018 жылы Ұзынағаш — Отар учаскесі бойынша (96 шақырым) қарыз туралы келісім жасалып, мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалған.

10) Бейнеу — Ақжігіт жобасы бойынша (85 шақырым) құрылыс жұмыстары 2017 жылдың маусым айында басталған.

11) Қостанай — Денисовка учаскесінде (114 шақырым) 2017 жылы келісімшарттарға қол қойылған.

12) Үшарал — Достық учаскесіндегі жұмыстар (180 шақырым) 2017 жылдың қыркүйегінде басталды.

13) Таскескен — Бақты (187 шақырым) учаскесінде 20 шақырымдық реконструкция жұмыстарын аяқтау қажет. Жұмыстар 2017 жылдың ІІ жартысында басталған.

14) Щучинск — Зеренді (80 шақырым) жобасы бойынша 2017 жылдың екінші жартысында жұмыстар басталған. Шығыс Қазақстан облысындағы «Осинов өтпесі» (32 шақырым) жобасы бойынша жұмыстар 2017 жылдың І жартысында басталған.

15) I техникалық санатқа ауыстыру бойынша «Қордай өтпесінің айналма жолы» (80 шақырым) жобасы іске асырылуда. 2017 жылы 40 шақырым жолда жұмыстар аяқталған, 2018 жылы толығымен аяқтау жоспарланған.

Мерке — Бурылбайтал (266 шақырым), Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы (33 шақырым) және Қалбатау — Майқапшағай (415 шақырым) жобалары Қытайдыің «ЭксИмбанкінен» алынған қарыздар есебінен реконструкцияланады. Іске асыру 2017 жылдың ІІ жартысында басталды.

Жалпы алғанда, жоғарыда аталған жобаларды реконструкциялау 2020 жылы аяқталады. Атқарылған жұмыстар есебінен жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 90% дейін, І және ІІ техникалық санаттағы жолдардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Транскаспий мультимодальды тасымалдарын дамыту аясында Құрық портының паром кешенінің жобасы аяқталуда. 2016 жылғы желтоқсанда портта қуаттылығы 4 млн тонна болатын теміржол паром терминалы іске қосылды, оның операциялық қызметі 2017 жылдың наурызында басталды. 2018 жылдың I тоқсанында терминал арқылы шамамен 426,7 мың тонна жүк тиелді.

Қазіргі таңда жобаның екінші кезеңін — қуаттылығы жылына 2 млн тоннаға жететін автокөлік өтпесін іске асыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде қорғайтын гидротехникалық құрылыстарды салу жұмыстары жүргізіліп жатыр: шығыс және батыс портқа кіретін жерде салынған құрылыстар, кедендік ресімдеу аймақтары, порт алды сұрыптау стансасы. Жұмыстарды 2018 жылы аяқтау жоспарланған.

 

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту

Инвестициялар және даму министрлігінің мәлімдеуінше, 2017 жылы бөлінген 41,1 млрд тг 98 инвестициялық жоба іріктеліп алынған:

  • жылумен жабдықтау — 13,9 млрд тг 19 жоба;
  • сумен жабдықтау — 17,5 млрд тг 56 жоба;
  • су бұру — 9,5 млрд тг 23 жоба.

Шамамен 1185 км салу және реконструкциялау көзделген, оның ішінде 86,6 км — жылу желілері; сумен жабдықтау және су бұру желілері бойынша — 1097,9 км, 5 қазандық және 12 басқа нысандар. Жұмыстарды 2018 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

1 мамырдағы жағдай бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің игеруі — 32,1 млрд тг немесе бөлінген қаражаттың 78%-ін құрайды.

821,9 км инженерлік желілер салынып, реконструкцияланған (жылумен жабдықтау — 26,8 км, сумен жабдықтау — 748 км, су бұру — 47,1 км), 3 сорғы стансасы. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

2018 жылға 34,3 млрд тг қарастырылған, оның 33,4 млрд тг — бюджеттік несиелеу, 0,7 млрд тг — бюджеттік субсидия, 0,2 млрд тг — Сенімді агент пен оператордың қызметтері.

2018–2019 жылдар аралығында барлығы 279,1 км салу және реконструкциялау жоспарланған: оның ішінде жылу желілері бойынша — 53,7 км; сумен жабдықтау және су бұру желілері бойынша — 225,4 км, 18 — су шаруашылығы нысандары мен 12 — жылу пунктері. Нəтижесінде, 2019 жылдың соңына қарай желілердің тозуы 57%-тен 53%-ке дейін төмендейді.

Дереккөз: PrimeMinister.kz

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!