_corporate-package-avi-still003

Бүгін кімдер туылған?

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Хатшылығының Басқарушы директоры Әлішер Пірметов дүниеге келген.

Әлішер Хабиболлаұлы Әлішер Хабибуллаұлы Пірметов 1972 жылы 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Жамбыл технология институтын Экономика және басқару мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойныша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы «Ұстаз» МП инженер-программист болып бастады. 1992 – 1993 жылдары – «Информтехника» АҚ филиалының директоры. 1993 — 1997 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының аудандық дайындау кеңсесінің экономисі, директоры. 1997 — 1998 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласының қалалық әкімшілігінің экономика бөлімінің меңгерушісі 1998 — 2000 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2000 — 2003 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы. 2003 — 2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі. 2006 — 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бастығы, аппарат бастығы, ішкі аудит департаментінің директоры – аппарат басшысы, әкімшілік департаментінің директоры. 2011 жылғы мамыр айынан 2012 жылғы қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы. 2012 жылғы қаңтардан 2013 жылғы наурыз айының аралығында – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің жауапты хатшысы. 2013 жылғы наурыз айынан — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қаржы және әкімшілік мәселелері жөнінде Басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылғы сәуір айынан — «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қаржы және бюджеттік жоспарлау бойынша басқарма төрағасының орынбасары. 2014 жылдың наурыз айынан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Қаржы және бюджеттік жоспарлау бойынша басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!