Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтіп жатыр. Сессия жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Зүппархан Чалданов жүргізіп отыр.
Сессия жұмысына облыс әкімі, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, тиісті қалалық мәслихат хатшылары, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақыртылған.
Шымкенттің миллионды қала атануымен құттықтаған облыс басшысы Жансейіт Түймебаев шахардың республикалық маңызы бар миллионды мегаполис болып қалатындығын ерекше атап өтті. «Оңтүстіктің облыс орталығын таңдау — тарихи оқиға. Бабаларымыздың жатқан қасиетті жерінің облыс орталығы ретінде таңдалуы — үлкен мәртебе. Алдағы уақытта Қожа Ахмет Яссауиден бастап, талай тарихи тұлғалар жатқан киелі қаланы дамытып, туризмді нығайтамыз. Самарқанд пен Бұқара сияқты мәртебесін биіктетіп, өзгелер таң қалатын шаһар етеміз» — деді Жансейіт Қансейітұлы облыстық мәслихатының өтіп жатқан кезектен тыс жиырма үшінші сессиясында.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жырма үшінші сессиясы
ОҚО аумағынан 116 мың га жері бар Шымкент қаласы шығарылсын деп түйінделді.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ КЕНТАУ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ШЕКАРАЛАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ:
Жаңа шекаралар есебімен Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:
солтүстігіндегі шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Жүйнек ауылдық округінің жер аумағымен шектеседі;
солтүстік-шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Иассы, Ораңғай ауылдық округтерінің жер аумақтарымен шектеседі;
оңтүстігіндегі шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Иассы ауылдық округінің жер аумағымен шектеседі;
оңтүстік-шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Шаға ауылдық округінің жер аумақтарымен шектеседі;
оңтүстік-батысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімшілік бағынысындағы Үшқайық ауылдық округінің жер аумағымен шектеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласы жаңа шекараларының сипаттамасы
Жаңа шекаралар есебімен, Кентау қаласының аумағы 774 512 гектарды құрайды, шекаралары мынадай болып белгіленген:
солтүстік және солтүстік шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Таукент кентімен, Жартытөбе ауыл округі, Аққолтық елді мекенімен, Сызған ауыл округі, Басбұлақ, Қозмолдақ елді мекендерімен, Шолаққорған ауыл округі, Абай, Қарабұлақ, Балдысу елді мекендерімен, Созақ ауыл округі, Шақырық елді мекенімен, Қарақұр ауыл округі, Шаға елді мекенімен шекаралас;
оңтүстіктегі шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Маяқұм ауыл округі, Қостерек елді мекенімен, Балтакөл ауыл округі, Ақкөл елді мекенімен, Қарғалы ауыл округі, Отырабат елді мекенімен шекаралас;
шығысындағы шекара Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауыл округі, Жаманқытай, Қайнарбұлақ, Қосбұлақ, Мәдениет, Нұра елді мекендерімен шекаралас;
батысындағы шекара Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Талап ауыл округі, Сатымсай, Кеңес, Қандөз, Қалғансыр, Көктөбе елді мекендерімен, Қаратөбе ауыл округі, Баспақкөл елді мекенімен шекаралас.
Бағлан БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ