Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орынды иеленді | "Айғақ" ақпараттық порталы
006

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 38-орынды иеленді

2018 жылғы 24 мамырда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Жаһандық бәсекеге қабілеттілігін зерттеу орталығы 2018 жылғы әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

IMD рейтингі экономикалық белсенділік, үкімет тиімділігі, бизнес тиімділігі және инфрақұрылым сияқты факторларды бағалайтын жан-жақты зерттеудің нәтижесі болып табылады. Жылнамада 340 көрсеткіш қамтылып, олардың 2/3 статистикалық деректер негізінде, 1/3 – сауалнамаға сәйкес есептелінеді.

2018 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 38-орынды иеленді.

2018 жылы рейтингке әлемнің 63 елі қатысты. Биыл рейтингті АҚШ бастады. Ең бәсекеге қабілетті елдер – бұрынғысынша Гонконг, Сингапур, Нидерланды, Швейцария. ТМД елдерінің арасында Қазақстан жоғары орында тұр, Ресей – 45-орында, ал Украина – 49-орында.

Әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің IMD-2018 рейтингіндегі Қазақстанның позициясы

2018

(63 ел арасында)

2017

(63 ел арасында)

Динамика

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі

38

32

6

  1. Экономикалық қызмет

49

54

▲5

Ішкі экономика

46

40

6

Халықаралық сауда

56

62

▲6

Сыртқы инвестициялар

28

18

▼10

Жұмыспен қамту

26

32

6

Бағалар

48

53

▲5

  1. Басқару тиімділігі

25

19

6

Мемлекеттік қаржылар

19

4

▼15

Салық саясаты

14

10

▼4

Институционалдық орта

50

46

▼4

Бизнес туралы заңнама

28

22

▼6

Қоғамдық құрылым

28

30

▲2

  1. Бизнестің тиімділігі

34

23

▼11

Өнімділік пен тиімділік

42

38

▼4

Еңбек нарығы

13

7

▼6

Қаржы

42

40

▼2

Менеджмент практикасы

29

14

▼15

Қарым-қатынас пен құндылықтар

33

11

▼22

  1. Инфрақұрылым

42

43

▲1

Базалық инфрақұрылым

24

32

▲8

Технологиялық инфрақұрылым

49

43

▼6

Ғылыми инфрақұрылым

47

49

▲2

Денсаулық сақтау және қоршаған орта

56

53

▼3

Білім беру

29

35

▲6

Рейтингтегі орынның төмендеуіне қарамастан, екі фактор бойынша оң үрдістер байқалады. «Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан 5 орынға көтеріліп, 49-орынды иеленді. Жақсару үш субфактор бойынша орындардың жақсаруымен түсіндіріледі: «Халықаралық сауда» – 56-орын (6 тармаққа жақсару), «Жұмыспен қамту» – 26-орын (6 тармаққа жақсару) және «Бағалар» – 48-орын (5 тармаққа жақсару). Орындардың төмендеуі «Ішкі экономика» – 46-орын (6 орынға төмендеу) және «Сыртқы инвестициялар» – 28-орын (10 орынға төмендеу) субфакторларының нашарлауымен байқалды.

«Инфрақұрылым» факторы бойынша ұстанымның 1-тармаққа 43-орыннан 42-орынға жақсаруы байқалады. Жақсару үш субфактор бойынша орын алды: «Базалық инфрақұрылым» – 47-орын (8 тармаққа жақсару), «Ғылыми инфрақұрылым» – 47-орын (2 тармаққа жақсару), «Білім» – 29-орын (6 тармаққа жақсару). Сонымен қатар «Технологиялық инфрақұрылым» – 49-орын (6 тармаққа төмендеу) және «Денсаулық сақтау және қоршаған орта» – 56-орын (3 тармаққа төмендеу) субфакторлары әлсіз болып қалуда.

«Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 25-орынды иеленді. Аталған фактор елдің бәсекеге қабілетті артықшылығы болып табылады. «Қоғамдық құрылым» субфакторы бойынша 2-тармаққа (28-орын) жақсару байқалады. «Мемлекеттік қаржы» субфакторы бойынша 4-орыннан 19-орынға төмендеу байқалуда. «Бизнес туралы заңнама» субфакторы бойынша 6 тармаққа төмендеу (28-орын), «Салық саясаты» – 4 тармаққа төмендеу (14-орын) және «Институционалдық орта» – 4 тармаққа төмендеу (50-орын) байқалады.

«Бизнестің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан 34-орынды иеленді. Аталған фактор бөлісінде құрамдастардың орындары төмендегідей: «Өнімділік пен тиімділік» – 42-орын (4-тармаққа төмендеу), «Еңбек нарығы» – 13-орын (6-тармаққа төмендеу), «Қаржы» – 42-орын (2-тармаққа төмендеу), «Менеджмент практикасы» – 29-орын (15-тармаққа төмендеу), «Қарым-қатынас пен құндылықтар» – 33-орын (22-тармаққа төмендеу).

Респонденттердің пікірінше, Қазақстан Республикасының экономикасының ең тартымды бес факторы: стратегиялық тұрақтылық пен жағдайдың болжамдылығы (57,8%), қолайлы іскерлік орта (55,6%), динамикалық экономика (респонденттердің 46,7%), салық салудың тиімді жүйесі (41,1%) және тиімді еңбек қатынастары (32,2%).

Қазақстан Республикасы алғаш рет осы рейтингке 2008 жылы қатыса бастады. Қазақстандағы IMD серіктесі – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!