Бүгін әлемнің барлық елінде халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі кең көлемде атап өтіледі.
Мереке қазақ елінде де бар сән-салтанатымен тойланады. Астанада жасөспірімдер музыкалық оркестрінің шеруі өтеді. Оған Елордадағы 100-ден аса білім ошағынан 6 мың оқушы қатысады. Сондай-ақ аз қамтылған отбасының балғындарына арналған «Бақытты бала» акциясы жалғасын табады. Оның аясында мереке иелеріне бас қаланың көрікті жерлерін аралату көзделген. Астананың Ішкі істер департаменті Алматы ауданының жастары арасында футболдан жарыс ұйымдастырады. Салауатты өмір салтын насихаттайтын турнир жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішу, нашақорлық сынды мәселелермен күресуді көздейді. Бұдан бөлек қала бойынша түрлі мәдени шаралар өтеді.
Дерееккөз: 24.kz.