70 жасын дүркіретіп өткізген Алтынбек Қоразбаевқа Жамбыл облысының әкімі көлік сыйлады | "Айғақ" ақпараттық порталы
korazbay

70 жасын дүркіретіп өткізген Алтынбек Қоразбаевқа Жамбыл облысының әкімі көлік сыйлады

Күні кеше Алтынбек Қоразбаев 70 жасқа толған мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Композитордың бұл қуанышына өнер адамдарымен қатар қатысқан Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов оған темір тұлпардың кілтін ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Сәкен Майғазиев Instagram парақшасында жариялады. Сондай-ақ композитордың шәкірттері де Қоразбаевтың мерейтойынан суреттер жүктеді.

«Алтын көкеміздің Тараздағы 70 жылдық мерейтойы тосын сыйға толы болды. Көкеміз концерттен түскен қаржыны қайырымдылыққа аударды. Туған өлкесінің атынан облыс әкімі Асқар Мырзахметов мырза көкемізге темір тұлпар тарту етті», — деді Майғазиев.

Дереккөз: NUR.KZ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!