06

Оңтүстікте «Азаматтарға арналаған үкіметі» мемлекеттік корпорациясына» жаңа директор тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысында ОҚО «Азаматтар арналған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес АҚ филиалының жаңа директоры Жеңісбек Ержан Жеңісбекұлы болып тағайындалды.

Ержан Жеңісбекұлы 1979 жылы 3 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1996-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, одан әрі өз мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласының әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2000-2017 жылдары өзінің қызметінде ол Шымкент қаласының әкімі аппаратының бас маманы, бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылы «Азаматтар арналаған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма аппаратының ішкі қауіпсіздік департаментінің директоры болып тағайындалған.

2018 жылғы 23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы «Азаматтар арналаған үкіметі» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының директоры болып тағайындалды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!