Өткен жұмада филология ғылымдарының кандидаты, ОҚМПИ-дың профессоры, «Құрмет» орденінің иегері Әмір Мұсақұлов дүниеден озды. 60 жылға жуық ғұмырында талай шәкіртті қанаттандырып, тәрбиелеген ол ұстаздардың ұстазы бола білді.
Еңбек жолын 1957 жылы Отырар ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектепте ұстаздық қызметтен бастайды. Ал 1959 жылы Шымкент педагогика институтының қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында оқытушы қыметін жалғастырады.1970 жылы дәл осы оқу орнында «Әбілдә Тәжібаевтың ақындығы» атты тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды.
Айналасына ұдайы шуақ шашып, жақсылық жасап, iзгiлiк сеуiп жүретiн Әмір Мұсақұлов артында үлкен мұра қалды. Кез-келген ортада өзіндік пікірі бар ғалымның рухани құндылықтарды насихаттауда орны ерекше еді.
Әмір Мұсақұлұлы жұбайы Хафиза Касенова екеуі 4 ұл, 2 қызды өсіріп, 11 немере мен 5 шөбере тәрбиелеген.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дей отырып, отбасына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.