Қазақстанға инвестиция салуға ниетті мемлекеттер қатары жыл санап артып келеді.
Өйткені елімізде шетелдік инвесторларға тиімді жағдай жасалған. Соңғы 12 жыл ішінде өзге мемлекеттерден 260 миллиард долларға жуық қаржы тартылды. 2009 жылы олардың 92 пайызы пайдалы қазбаларды өндіруге ниет танытса, 2017 жылы 25 пайызы өңдеуші салаға қаржы құйған. Яғни мемлекеттің өңдеуші саланы дамытуға қойған мақсаты орындалып жатыр. Биыл «Қазақинвест» трансұлттық компаниялармен бірлесе отырып, 7 ірі жобаны жүзеге асырмақ.
Лариса Жұмағалиева, Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары:
-Қазақстанға салынып жатқан инвестициялардың көлемі жыл сайын ұлғайуда. Тек былтырдың өзінде 20,8 миллиард доллар инвестиция салынды. Қазіргі мақсат осы көршілес елдерге қарағанда Қазақстанның инвестициялық ахуалын мейлінше жақсарту. Бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату. Күні кеше өткен Астана экономикалық форумының аясында көптеген инвесторлардың Қазақстанға қызығушылық білдіргеніне көз жеткіздік.
Дереккөз: 24.kz.