dsc_0096

Еуразиялық Медиа Форумда «Шымкенттің қыздары» бейнеклипі көрсетілді

Алматы қаласында 24 мамыр күні өтіп жатқан Еуразиялық Медиа Форумның үшінші күнінде әлеуметтік желілерде «Зың-Зың» әнімен танылған видеоклип үлкен экраннан көрсетіліп, көпшіліктің назарын аударды. Шетелдік сарапшылардың талқылауына іліккен бұл бейнематериал Youtube желісінде 20 млн-нан астам көрсетілімге ие. Қазақстандық блогерлердің белсенділігі дәл осы тұста сарапқа салынды.

dsc_0091

dsc_0096

Ресейдің қоғам қайраткері, белгілі журналист Максим Шевченко «Зың-Зың» әнінің әуеніне жоғары баға берді. Блог саласының өркендеуіндегі ақпараттың шынайылығы және дәстүрлі журналистиканың болашағы ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дизер, «VICE NEWS TONIGT» арнасының шетелдік жаңалықтар бөлімінің бастығы Норин Жамиль, «Комсомольская правда» газетінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі  Алексей Осипов, Ұлыбритания-Пәкістанның қоғам қайраткері, журналист Рехам Хан, Қазақстанның The Steppe негізін қалаушы Зәуре Розмат, Yuframe шығармашылық бірлестігінің маркетинг директоры Расул Абдуллаев секілді спикерлер өз ойларын ортаға тастады.

Салтанат Тойболова




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!