Климаттың өзгеруі әлем елдеріне ортақ проблема. Дегенмен, адамзат үшін маңызды мәселе Медиа Форум тақырыбынан тыс қалған жоқ. Дүние жүзі сарапшыларының қатарында қазақстандық маманның да сөзі тыңдалды. ТМД елдеріндегі энергетика мәселелері бойынша уәкілетті өкіл Кристофер де Вер Уокердің модераторлығымен «Қоршаған ортаның эволюциясы: қашып құтылмайтын ақырзаман ба, әлде жасыл экономикаға көшу ме?» атты үшінші күннің алғашқы мәжілісі делегаттардың назарын аударды. Қаншалықты табиғатқа зиян келтірсек, табиғат өз қаһарын көрсететіндігін Үндістанның жасыл технологиялар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшысы, журналист Девиндер Шарма айтып берді. Халық осыған жауапты болуы тиіс. Қоршаған ортаны ластау — экологиялық тоқырауға әкелетіндігін ұмытпау қажетпіз.
Жер шарының болашағы туралы пікірталаста жасыл экономиканы дамытуға, қазба отын түрлерінен экологиялық қуат көздеріне көшуге зор мән беріледі. Бұл бағытта алға ілгерілеу жөнінде хабардар ету міндетін үкіметтер қалай атқарып жүр? Адамдардың сұранысы мен проблемасына БАҚ-тың беретін жауабы қаншалықты тиімді? Осындай сұрақтарға жауап іздеген Францияның бұрынғы көлік министрі Тьерри Марьиани, Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың вице-төрағасы,
Нобель сыйлығының иегері Мохан Мунасингхе, Жапонияның тұрақты энергетиканы дамыту институтының басқарма төрағасы Тецунари Иида, Қазақстанның МЦЗТИП аймақтық жасыл жобалар департаментінің директоры Алмат Қабыкенов, «Гринпис Россия» бағдарламалары зерттеу және сараптау департаментінің директоры Иван Блоков секілді спикерлер өз ойларын ортаға тастады.
Салтанат Тойболова