11

Елімізде тұңғыш рет «Рухани қазына» фестивалі өтіп жатыр

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай елімізде тұңғыш рет «Рухани қазына» фестивалі өтіп жатыр.

Фестивальге 150-ге тарта мәдениет саласының қызметкері келген. Өлкелерден жеткен өкілдер енді бас қалада бірнеше күн бойы өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырмақ. Әсіресе осы жолы кітапхана, музейлерді сандық жүйеге көшіру жайы кеңінен талқыланады. Бұл тұрғыда шеберлік сыныптары өткізіледі. Жалпы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғаннан бастап еліміздің жеті аймағында бірнеше музей ашылып, жаңадан үш кітапхана іске қосылған. Тағы он бесі модельді кітапхана үлгісінде қайта жаңартылыпты. Бағдарлама аясында Алматы облысында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы және Солтүстік Қазақстан облысында латын әліпбиін зерттеу мекемесі ашылды. Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Оңдасын Оразалин «Рухани жаңғыруды» жүзеге асыруда мәдениет майталмандарының рөлі зор деп атап өтті.

Оңдасын Оразалин, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары:

– «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Президент әкімшілігінің айрықша бақылауында тұр. Оны жүзеге асыру үшін Президенттің Жарлығымен ұлттық комиссия құрылды. Оны Президент Әкімшілігінң басшысы өзі басқарады. Арнайы жобалар айқындалды. Сол жобалардың бірі – «Туған жер» бағдарламасы. «Туған жер» бағдарламасы «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны», «Өзгерістерді өзіңнен баста!» «Іскер азамат – ел тірегі» сияқты 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бұл ауқымды жұмысқа сіздер де өз үлестеріңізді қосып келе жатырсыздар. Сондықтан Президент Әкімшілігінің басшылығы атынан сіздерге алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіздер!
Дереккөз: 24.kz.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!