20180522_131423

Алматы қаласында XV Еуразиялық Медиа Форум басталды

Алматы қаласында XV Еуразиялық Медиа Форум басталды. 15 рет ұйымдастырылып отырған Форумға Оңтүстіктен делегат журналистермен бірге «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы да қатысып жатыр. Медиа Форум тақырыбы «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» деп аталады. Алқалы жиын шеңберінде алыс-жақын шетелдің әлемдік деңгейдегі сарапшыларының бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері бойынша тақырыптық шеберлік дәрістерін өткізу жоспарланған. Мәселен, алғашқы шеберлік дәріс «Мобильдік журналистикадан әлеуметтік виртуалды шындыққа дейін» деп аталды. Әрине, бұл тақырып бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Строителлинг ақпарат жеткізу тәсілі ретінде 2020 жылы қандай күйде болады? Мобильдік журналистикадан әлеуметтік виртуалды шындыққа  өту жүзеге асады. Ұлыбритания сарапшысы, «Hashtag our stories» негізін қалаушы Юсуф Омар аталған тақырыпта жеделдетілген интерактивті шеберлік дәрісін өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

20180522_124048

Ал, 2-ші шеберлік сыныбы «Қауіпті аймақтан репортаж жасау» атты тақырыппен әскери тілші, продюсер, режиссер Шахида Төлегенованың шеберлік дәрісіне ұласты.

Дәл қазір Ұлыбританияның Корольдік астрономиялық қоғамының мүшесі, Лондондағы Ғылым мұражайының мүшесі, журналист Тира Шубарттың спикерлігімен «Байқоңырдың әсері» тақырыбында шеберлік дәрісі өтіп жатыр. Жақын келешекке көз тастап, қандай жер серігі технологияларының қолданысқа енетіндігінен хабардар етті.

Медиа Форум өз тарихында белгілі саясаткерлер, мықты экономистер, «Нобель» сыйлығының лауреаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен кәсіпкерлерді Қазақстанға жинады. Биылғы Медиа Форумға қатысуға 600-ден аса делегат өтінімін білдірген.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!