Ұялы байланыс операторлары төрт айда 73,1 млрд теңгеге қызмет көрсеткен | "Айғақ" ақпараттық порталы
17

Ұялы байланыс операторлары төрт айда 73,1 млрд теңгеге қызмет көрсеткен

Қазақстандық ұялы байланыс операторлары 2018 жылдың алғашқы төрт айында 73,1 млрд теңге көлемінде қызмет көрсеткен.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға көп. 71 пайыз қызмет халыққа жасалып, одан 51,8 млрд теңге табыс түскен. 2017 жылы бұл көрсеткіш 2,8 пайызға төмен еді. 2013-2017 жылдар аралығында ұялы байланыс қызметі сегментінде өсім байқалмаған.

Қызмет көрсету көлемінің артуы пайдаланушылар мен бағаның ұлғаюына байлынысты болып отыр. Биыл Қазақстандағы ең ірі үш компанияның екеуі – Теле2 мен Beelinе қызмет құнын 10 есеге өсірді.

2018 жылы ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,5 млн-ға жетті. Ал былтыр абоненттердің көлемі 25,4 млн-ды құрайтын еді.

Әр 100 қазақстандыққа орташа есеппен 146 sim-картадан келеді.

Дереккөз: 7kun.kz.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!