Мерекелік концертте қазақ және шетел композиторларының түрлі жанрдағы танымал туындылары көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Олардың қатарында Кеңес Дүйсекеевтің «Өнер ордасы» шығармасы, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан үзінді, Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әні, Леонард Бернстайнның «Вестсайд тарихы» мюзиклінен «Симфониялық билер» және басқа да көптеген туындылар орындалды.