Еліміздегі бірқатар банктер халықтың қаржылық сауаттылығының жоқтығын пайдаланып, заңсыз комиссия ақысын (Банк тарапынан келісімшартта көрсетілмеген қызметтері үшін алынған ақылар) алып отыр. Алайда, енді несие алушылар банктердің тарапынан заңсыз ұсталған ақшаны қайтарып алуға мүмкіндігі бар. Шымкентте «Қол жетімді құқық» ұйымының адвокаттары ақысыз консультациялар өткізіп, банк мәселесіндегі сұрақтарға жауап беруге дайын. Айта кетейік Қазақстанның сегіз қаласында ( Астана, Алматы, Ақтау , Атырау, Тараз, Қарағанды, Петропавл, Шымкент) бөлімшелерін ашқан ұйым 1000-ға жуық істі сотқа жолдаған. Оның ішінде 800-ден астамы несие алушылардың пайдасына шешіліпті. Жалпы банктерден халыққа қайтарылған қаржы көлемі 100 млн теңгеден асады. Мамандардың айтуынша, мұндай заңсыз комиссиялар «Казкоммерцбанк» АҚ ( «БТА» АҚ) , «АТФ» АҚ, «Forte Bank» АҚ (Альянс,Темирбанк) , «Евразийский банк» АҚ , «Альфабанк» АҚ-нан анықталған. Егер сізді де , банктердің комиссия мәселесі толғандырса Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі 20А (3- қабат) мекен-жайына барып , «Қол жетімді құқық» ұйымының адвокаттарынан кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, «Айғақ» телеарнасы аталған мәселе бойынша жексенбі күні сағат 21-00 де және 23-00 де заңгерлермен сұхбат өткізуді жоспарлайды. Сұхбаттың нәтижесі «Апта назарында» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында хабарланады.
Жомарт Бегімбет