Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын тарихта алғаш рет өткізеді, деп хабарлайды шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты.
«17 мамырда Копенгагенде (Дания) Халықаралық шайбалыХоккей Федерациясының (IIHF) жыл сайынғы съезі басталды. Ерлер командалары арасындағы бірінші дивизионның 2019 жылғы Әлем кубогын ұйымдастыру туралы өтінімдерді Қазақстан мен Словенияның хоккей федерациясы таныстырды …
18 мамырда IIHF съезіне қатысушы елдердің дауыс беруі өткізілді. Және (…) Қазақстан сенімді жеңіске жетті!»,- делінген хабарламада.
Осылайша, отандық хоккей тарихында тұңғыш рет Қазақстан ерлер командалары арасында бірінші бөлімнің «А» тобының әлем чемпионатын өткізеді.
Халықаралық турнир Астанада 2019 жылдың 29 сәуірінен 5 мамырына дейін қазіргі заманғы «Барыс аренасында» турнир өтеді. Чемпионатқа Белоруссия, Оңтүстік Корея, Қазақстан, Венгрия, Словения және Литва ұлттық құрамалары қатысады.