«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қызмет бабында мерт болған қазақстандық әскери қызметкерлер ескерткіші ашылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Қарулы күштері аумағындағы жалғыз таулы-қорықшы бөлімшесінде қызметтік міндеттерін атқару барысында мерт болған әскери қызметшілер ескерткішінің салтанатты ашылуы болды», — делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ескерткіштің ашылу салтанатын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық жауынгерлеріне басшылық ететін генерал-майор Марат Хусаинов басқарған. Әскери бөлім аумағында ескерткіштің ашылуы әскери қызметшілер туралы естелік бүгінгі және болашақ әскери қызметшілердің жадында мәңгі сақталатынына деген сенімді нығайтады және ауызбіршілікке бір қадам жасайды, делінген хабарда.
«Әрине, ұлдарымызды қайтару мүмкін емес, бірақ бізді қаза тапқандарға деген әскери бөлімнің басшылығы мен әскери қызметкерлердің құрметі жұбатады. Бүгінгі ескерткіштің ашылуы, бізді бөлімге шақырулары, бізбен үнемі байланыста болулары арқылы менің ұлым және басқа марқұм болған әскерилер туралы естеліктің мәңгі ұмытылмайтынын дәлелдейді», – деді аға лейтенант Әлішер Мошабаевтың анасы – Ғалия Мошабаева.
Дереккөз: ҚазТАГ.