01111

Мемлекеттік пәтерге құжат қабылдау басталады

Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы хабарлайды:

2018 жылдың  22 мамыры мен 25 мамыры аралығында «Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша Шымкенттегі Тұран шағынауданы, 192-орам, №979 жер телімінде орналасқан «Адия» тұрғын үй кешенінде тапсырылатын 201 пәтерге қосымша өтінімдер қабылданады. Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді және төлем қабілеттілігіне байланысты пәтердегі бөлме санын өзі таңдайды.

Өтінімдер мен құжаттардың электронды түрде тапсырылуы бойынша кеңес беру халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Е-gov» пунктерінде және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі (Т.Рысқұлов көшесі, 8а, №2 каб.) арқылы жүргізіледі.

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша қатысу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұруы және төмендегі санаттарға жатуы тиіс:

— Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар,

— мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар,

— жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер,

— жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

— оралмандар,

— экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар,

— көп балалы отбасылар,

— толық емес отбасылар,

— мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың , бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы берілетін пәтерлердің сипаттамалары мен жалға алу арқылы сатып алу тетіктері:

Пәтер саны

Пәтер түрі Бөлме саны Жоғарғы аудан, ш.м. Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 5 жыл ,тг/ай Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 7 жыл ,тг/ай Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 10 жыл ,тг/ай Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 15 жыл ,тг/ай
36 Тип 1 1 36,93 103211 80643 64195 52201
55 Тип 2 1 42,42 118555 92632 73738 59961
96 Тип 5 3 83,39 233057 182097 144955 117873
14 Тип 6 3 86,35 241329 188561 150100 122057
201              



Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!