kozhamzharova

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың ректоры тағайындалды

Дария Пернешқызы Қожамжарова – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ректоры болып тағайындалды.

Қожамжарова Дария Пернешқызы – 1962 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1984 жылдан Жамбыл педагогикалық  институтында оқытушысы болып бастап, Жамбыл педагогикалық  институтында стажер-ізденуші, 1990 – 1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемелкеттік университетінің аспиранты, 1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті, 2001 жылдан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Педагогика факультеті деканының орынбасары қызметінен бастап, осы білім ордасында әртүрлі қызметті атқара келе ресторлық қызметке дейін көтерілді. 2017 жылдың 15 наурызында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметіне қайта тағайындалды.

Дария Пернешқызы қоғамдық жұмысқа да белсене атсалысып жүрді. Яғни, 2016 жылдың наурыз айынан бастап VI шақырылған Жамбыл облыстық  мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

2016 жылдың желтоқсан айынан бастап «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы.

Қожамжарова Дария Пернешқызы – халықаралық конференциялардың тұрақты қатысушысы, Тараз қалалық маслихатының ІV шақырылымының, Жамбыл облысы мәслихатының V шақырылымының депутаты.

Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Білім және әйел»  секциясының төрайымы, Жамбыл облыстық мәслихатының марапаттау комиссиясының төрайымы,  Қазақстан әйелдері І съезінің делегаты, Қазақстан Тарихшылар қауымдастығының және Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мен үгіттеуге арналған Жамбыл облыстық үгіт-насихат тобының тұрақты мүшесі.

Профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА Академигі.

2017 жылдың 15 наурызында ЖОО ректорларын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметіне қайта тағайындалды.

Марапаттары: Дария Пернешқызы Қожамжарова – 3 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет Грамоталарымен  және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Жыл патриоты – 2017» номинациясының, Жамбыл облысы әкімдігінің «Көшбасшы әйел – 2017» номинациясының иегері.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!