2050 жылға қарай Жер қалаларының халқы 6,7 миллиардқа жетеді, ал 2028 жылға қарай Дели қазіргі рекордты ұстаушы – Токионы ығыстырып, ірі мегаполис болады, деп жазады ТАСС.
«Токио әлемдегі ең үлкен қала, оның 37 миллион халқы бар, Делиде 29 миллион, Шанхайда 26 миллион, Мексико және Сан-Паулу, олардың әрқайсысында шамамен 22 миллион адам тұрады.
Бүгінгі күні Каир, Мумбай, Пекин және Дакка шамамен 20 миллион тұрғынға ие. 2020 жылға қарай Токио халқы құлдырай бастайды, ал Дели 2028 жылға дейін өсіп, әлемдегі ең үлкен қалаға айналады», — деп хабарлады БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті (DESA).
Оның айтуынша, 10 жылдан кейін Үндістанның агломерациясында, оның ішінде Нью-Дели астанасы да бар, 37,2 миллион адам тұратын болады.
БҰҰ деректері бойынша қазіргі уақытта әлем халқының 55% -ы қалаларда тұрады, шамамен 7,6 млрд., XXI ғасырдың ортасында, планетаның тұрғындарының саны 9,8 млрд-қа жеткенде, урбанизацияға байланысты бұл көрсеткіш 68% -ға дейін артады.