metrolog

Қазақстанда «Еңбегі сіңген метролог» белгісімен марапаттайтын болады

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №257 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Еңбегі сіңген метролог» белгісімен марапаттайтын болды.

«ҚР Үкіметінің 2011 жылдың 15 желтоқсанындағы №1539 «ҚР үкіметінің құрылымына кіретін кейбір ведомстволардың марапаттары туралы» қаулысына ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ережесіне үкіметтің қаулысымен бекітілген мына толықтырулар енгізілсін: «Ведомсвтолық наградалармен марапттау негіздемесі туралы»3 бөлім

«Еңбегі сіңген метролог» бөлімшесімен және 82-1 пунктімен толықтырылсын», — делінген қаулыда.

Сонымен, «Еңбегі сіңген метролог» төс белгісімен өлшеу тұтастығы саласында кем дегенде 10 жыл еңбек өтілі бар, немесе мемлекеттік өлшем тұтастығын дамыту саласына үлес қосқан, заңнаманы, нормативтік негіздерді жасақтауға қатысқан, оқу процесінде заманауи педогогикалық әдістерді пайланған, жалпы метрология саласына еңбегі сіңген өзгеде беделді мамандар марапатталады.

Толықтырып кететін болсақ, «Еңбегі сіңген метролог» төс белгісі сары металдан төрт бұрыш үлгісінде жасалған, көлемі 10 мм-ге 35 мм. Сыртында сапа жүйесінің таңбасы бар. Төс белгінің бес жағы көгілдір түске, ал жиектері алтын түске боялған.

Тік төрт бұрыштың ені бойынша «Еңбегі сіңген метролог» жазуы алтын түспен жазылған.

Төс белгі түйреуіштің көмегімен тағылады және құжатта көрсетіледі.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!