Кеңес кезеңінде облыстық партия комитетін 9 жылдай басқарған Аманолла Рамазановтың Шымкентте тұрған үйіне есімі жазылған тақтайша қойылды. Өмірі өнеге парасатты тұлғаның тұғыры қашан да биік болуы тиіс. Иә, Аманолла Ғабдолқайұының елеулі еңбегін халқы біледі. Елінің арқалы азаматының көзі тірі болғанда биыл 90 жасқа толар еді.
1928 жылы Павлодар облысында дүниеге келген мемлекет және қоғам қайраткерінің жастық шағы тел өскен өзге балалармен қатар оңайға соққан жоқ. Өйткені, сол кезеңнің замана лебі Аманолланың азаматтық келбетінде айрықша орын алды. Тынымсыз еңбек, жарқын істері, білімге деген құштарлық тұлға болып қалыптасуында рөл атқарды. Иә, ауыл шаруашылығының түрлі салаларында еңбек ете жүріп, үш жылдай Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болды. 9 жылға жуық уақыт Оңтүстікті басқарған Аманолла Рамазановтың еңбегін бүгінгі жұрты ұрпақ алдында ұлықтауға келді. Өңірдің әрбір саладағы сансыз тірлігінің бастауында ел ағасының ерлігі самсап тұр. Өйткені, алғашқы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да Шымкентте Рамазановтың тұсында басталған еді.
Салтанат ТОЙБОЛОВА