lektrond-kmet

Электрондық үкімет порталында жұмыс іздеуге арналған қызметтер іске қосылды

«Электрондық үкімет» порталы (eGov.kz) жұмыс іздеу бойынша қызметтерді іске қосты, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі. Хабарда айтылғандай, енді egov.kz арқылы жұмыс табуға болады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жұмыссыздар мен жұмыс іздеушілерге арналған қызметтердің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Енді eGov.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ, жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, сондай-ақ жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына* жолдама алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғаларға 4 бағыт көзделген:

Жұмыссыз тұлғаларға жастар іс-тәжірибесі жолдамаларын алу;

Жұмыссыз тұлғаларға қоғамдық жұмыстарға қатысу жолдамаларын алу;

Жұмыссыз тұлғаларға әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа тұру туралы жолдама қағазын алу;

Жұмысқа тұру туралы бағыт қағазын алу;

Жұмыс іздеуші тұлғалар үшін «Жұмыссыз азаматтардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама» көрсетілетін қызметі жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар жолдаманы алу бөлігінде ғана қолжетімді.

«Егер пайдаланушы табыс әкелетін жұмысы бар болса немесе құжаттарды ұсыну кезінде жұмысы мен табысы болмауы туралы жалған мәліметті қамтитын жағдайда дәлелді бас тартуды алады. Қызмет зейнет жасындағы адамдар үшін де қолжетімсіз. Алынған қызметтер бойынша барлық ақпарат пайдаланушысының Жеке кабинетінде сақталатын болады», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Асқар Атағұла.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижесінде жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелгені туралы хабарлама немесе жұмысқа орналасу бойынша жолдама алады. Жұмысқа орналасу жолдамалары «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен электрондық форматта беріледі.

Қызмет 1 жұмыс күн ішінде көрсету мерзімімен тегін болып табылатын атап өтеміз (мемлекеттік қызметтің стандартына сәйкес).

Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталында авторизацияланған болуы, қызмет алуға өтініш беріп, ЭЦҚ-мен қол қоюы қажет.

http://egov.kz/cms/kk/services/job_search/pass034_mtszn

http://egov.kz/cms/kk/services/job_search/pass177_mtszn

Анықтама: *Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыз, өздігінен жұмыспен қамту, сондай-ақ Заңмен көзделген өзге де тұлғалар санынан Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қолдау.

ҚазТАГ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!