Қазақстан Президенті «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытына барды | "Айғақ" ақпараттық порталы
4

Қазақстан Президенті «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытына барды

Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тағам кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімделді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мясодел» және «Кублей» брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.

«Жайық Агро LTD» кәсіпорны жылына 7200 тонна құс етін өндіреді. Бұл орайда, өнімнің 90 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, ал 10 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!